Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91 +7(7132)46-76-06

2025-2026 оқу жылына 1 сынып 4 класс-комплектіге бөлінуде

Басты бет / Хабарландыру
Image

2025-2026 оқу жылына 1 сынып 4 класс-комплектіге бөлінуде

4     18 августа 2025

№33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа 3 класс-комплект -75 білім алушы жоспарланды, қазіргі уақытта 85 білім алушы қабылданып, тағы бір класс қосымша ашылып, 4 класс-комплектіге бөлінуде.

Қабылдайтын мұғалімдер:
1.Тұманбай Бакытгүл Сахиқызы -педагог-зерттеуші, еңбек өтілі-30 жыл.
2.Кузембаева Мейрамгуль Уналбековна-педагог-зерттеуші, еңбек өтілі -25 жыл.
3.Айтуғанова Сауле Нуртугановна-педагог-модератор, еңбек өтілі-21 жыл.
4.Сартова Асия Мусаевна-педагог-зерттеуші, еңбек өтілі-18 жыл.
Мектепке бейімделу мақсатында «Балақайлар мектебі» 01.08 айынан бастап ұйымдастырылып, тамыз айы бойы жүргізілуде.
Биылғы оқу жылында бастауыш класс білім алушыларына мектептің материалдық базасы өте жақсы қамтылған, балаларға киініп-шешінетін шкафтарымен барлық кабинеттер, 5 кабинеттің оқу парталары заманауи үлгіде балалардың жас ерекшелігіне сай қамтылған. Барлық оқу кабинеттері интернет желісіне қосылған интерактивті панелмен жабдықталды.

Директордың бастауыш кластар жөніндегі орынбасары Г.М.Бакешова

whatsapp-image-2025-08-18-at-234010-1.jpeg WhatsApp Image 2025-08-18 at 23.40.11.jpeg WhatsApp Image 2025-08-18 at 23.40.10.jpeg

Бөлісу

Мекен жайымыз

Ақтөбе қаласы, Д.Беркімбаев көшесі 91

Қабылдау бөлімі:
+7(7132)46-76-06

© №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебі. 2023 - 2025. Құрастырған: Rbukataev