📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МЕКТЕП ФОРМАСЫ ТУРАЛЫ
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен және "Білім туралы" ҚР Заңының 5-бабы 20-тармақшасына сәйкес реттеледі.
✅ Мектеп формасы – бірыңғай стильде, іскерлік үлгіде, ұқыпты, денсаулыққа қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс.
❌ Түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға рұқсат етілмейді.
❌ Жарақаттайтын фурнитурасы бар киімдер мен аксессуарлар (мысалы, шынжырлар, үшкір металл заттар және т.б.) киюге қатаң тыйым салынады.
📌 Бұл талаптар – мектептегі тәртіп пен қауіпсіздікті, бейтарап білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.